Қазақстандық армияның ән-би ансамблі ресейлік әскерилерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Биыл концертке ресейлік әртістермен қоса, достастық армияларының қонақтары да қатысты: Қазақстаннан әскер ансамбль әншілері, Қытай халық-азаттық әскері Орталық әскери оркестр әншілері, Куба әншісі, шетел әртістері ән айтып, би билеп, өнер көрсетті.
Журналистерге мәдениет басқармасының бастығы Антон Губанков биыл концерт Кино жылдығына арналғанын және «Олар Отан үшін айқасты» деп аталғанын мәлімдеді.
Көрме жобаларында «Аримя-2015» және «Армия-2016» әскери техникалық формасы, халықаралық әскер ойындары, басқа да бірқатар маңызды жобалар, «Военторг» жаңа киім коллекциясы көрсетілді.
Ресей Қорғаныс министрлігі Мәдениет басқармасының бастығы А. Губанков атап өткендей, 300-ге жуық адам 2016 жылы жазда өтетін Халықаралық әскер ойындарына тіркелген, 500-ден астам адам - «Армия-2016» ІІ халықаралық әскери-техникалық форумға қатысады.
Кремль сарайы сахнасынан әскерилер «Голос» жобасының финалшысы Евгений Кунгуров пен Сергей Волчков, Мәскеу әскери-музыкалық училищесінің «Фиеста» барабаншылар ансамблі, Александров атындағы ресейлік әскердің ән-би ансамблі, Сергей Безруков, Леонид Агутин, Сергей Мазаев, Зара, Кубан казак хоры, Никита Михалков, Тамара Гвердцители және Лев Лещенко, Александр Маршал, Денис Майданов, Любэ тобы, Александр Розенбаум, Ольга Кормухина, Лариса Долина, Григорий Лепс, Василий Лановой және т.б. өнер көрсетті.
«Мұны концерт емес, музыкалық драмалық спектакль деп атар едім», - деп ойын білдірді басқарма бастығы.