Қазақстандық әскери қызметшілер «Достастық жауынгері» конкурсында үшінші орынды иеленді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Мәскеу қаласында өткен «Достастық жауынгері» бесінші Халықаралық сайысына қатысты.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сайысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қарулы күштерінің 28 әскери қызметшісі қатысты.

Олар «Атлет», «Профессионал», «Снайпер», «Эрудит», «Кавалер (Сударыня)» аталымдарында сайысқа түсті. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жауынгерлік, атыс және дене даярлығы бойынша әскери-кәсіби машықтары және шеберлігін, сондай-ақ әскери тарихтан білімін бағалады.

Жеке сайыста қазақстандық әскери қызметші 61993 әскери бөлімінің аға радиотелефонисі ефрейтор Галина Голушко «Атлет» аталымында 2-орынды жеңіп алды. «Мерген» аталымында 22750 әскери бөлімінің аға барлаушысы Руслан Бөлегенов 3-орынды, «Эрудит» аталымында 3-орынды старшина Анатолий Земляков жеңіп алды. Ал «Кавалер» аталымында 2-сыныпты сержант Бағлан Дәрімбаев арнайы грамотамен марапатталды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Республикасының командасы
3-орынды иеленді (1-орында Ресей Федерациясы, 2-орында Беларусь Республикасы).

Соңғы жаңалықтар