Қазақстандық «Астана» велоклубы «БАӘ туры-2023» көпкүндігіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велоклубының «БАӘ туры-2023» көпкүндігіне қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аталған турнир 20-26 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде өтеді.

Дүбірлі додада «Астана» сапында Дмитрий Груздев, Алексей Луценко (екеуі де - Қазақстан), Харольд Техада (Колумбия), Марк Кавендиш (Ұлыбритания), Кес Бол (Нидерланд), Хавьер Ромо (Испания), Давиде Мартинелли (Италия) сынға түседі.

Былтыр аталған турнирде «UAE Team Emirates» клубының словениялық велошабандозы Тадей Погачар жеңімпаз атанған.

Ал «Астана» сапында испаниялық Давид де ла Крус 10-орынға жайғасты.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» велошабандозы «Оман Туры» екінші кезеңінде алтыншы болып келді.


Фото: astana-qazaqstan.com
Соңғы жаңалықтар