Қазақстандық астықтың экспорттық географиясы кеңейе түспек

Одақ президентінің пікірінше, Тәуелсіздіктің өткен 20 жылында Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісін қалпына келтіріп, астық пен ұн экспорты бойынша көшбасшы елдердің қатарынан көрініп отыр.
«Еліміздің астық өсірудегі, бидай мен ұнды экспорттаудағы бүгінгі әлеуеті Қазақстанға тұтас өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепіл болады. Менің пікірімше, бұл осы мәселе бойынша көршілерімізбен тәжірибе бөлісе аламыз»,- дейді Е.Ган.
Ол сондай-ақ, экспортты субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдана отырып, Қазақстанның өз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынын атап көрсетті.
Диірменшілер мен наубайшылар одағы президентінің айтуынша, ұн экспортын дамытудың негізгі факторларының бірі жаңа нарықтарды игеру болып табылады. «Біз қазіргі уақытта жаңа өңірлерді игеруде және дәстүрлі нарықтарға өнім жеткізуде ұн экспортын субсидиялау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Жаңа нарықтар ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарын айтуға болады»,- деп түйіндегі өз сөзін Евгений Ган.