Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында 4 медаль алды

Катмандуда (Непал) жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.
«Алғашқы қола жүлдені 75 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі 17 жасқа дейінгі қыздар және жасөспірімдердің арыснда үздік шыққан Гүлжан Құрманбекова алды» - делінген хабарламада.
Федерациядан хабарланғанындай, біздің спортшымыз «Б» тобында жеңіске жеткен, алайда оның көрсеткіші (87+119) жалпы есепте жүлделі орын алуға мүмкіндік берді.
Хабарламада «90 келі салмақтан жоғары жасөспірімдер арасында күміс жүлде Айзада Мүптілдаға тиесілі болды (105+136). 77 келіге дейінгі ерлер дәрежесінде Қазақстан атынан бірден екі спортшы шықты. 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Корея спортшысы Ким Сан Минге (144+180) ғана жол берген Дмитрий Макеев (140+180) екінші орын алды. Ал, Асылжан Бектай 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «қола» иеленді», - делінген.
Айта кетейік, Азия біріншілігі 24 шілде күні Катмандуда басталды. Аталған чемпионатқа қазақстандық 7 спортшы қатысуда. Бұған дейін 62 келі салмақ дәрежесіне дейінгі жасөспірімдер арасында екінші орынды Анатолий Савельев иеленген болатын. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жасөспірім қыздар арасында Карина Кузганбаеваға (90+110) тең келер ешкім болған жоқ.
Бүгін Астана уақытымен сағат 12:15-те Азия чемпионатында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Артем Антропов өнер көрсететін болады.