Қазақстандық азаматтар Баян Өлгей қаласында селден жапа шеккен қандастарға қайырымдылық шарасын бастады ФОТО/ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық азаматтар Моңғолияның Баян Өлгей қаласында селден жапа шеккен қандастарға көмек қолын созбақ ниетпен, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып жатыр.
None
None

Фейсбуктегі жеке парақшасында белсенді азамат Аятжан Ахметжан жұртшылыққа жар салып, қайырымдылыққа қаржы жинау басталғанын хабарлап отыр.

«Қадірлі ағайын!

«Əр қазақ - менің жалғызым» деп ақын Сабыр Адай айтпақшы, жер бетіндегі бар қазақтың тілеуі де, ниеті де бір ғой. Кешегі Баян Өлгейдегі сел бәріміздің жанымызды ауыртты. Ел қиналғанда қол ұшын бермесек, елдігіміз қайсы?! Сол үшін селден жапа шеккен ағайынға көмек беруді жөн көрдік!

Қазақтың осындайда «көп түкірсе - көл» дейтіні тағы бар ғой. Соны еске алып, өз атымыздағы есеп шотты пайдаланып, Елдегі қазақтың жүрегі сырттағы қазақ үшін қашан да ауыратынын, күйетінін көрсетпек ниетіміз бар.

Көп екенімізді, ел екенімізді көрсетелік:

Халық банк:

4402 5775 0180 1032

ИНН: 860718399050

Ал, қолдап жіберейік, бір тиын болса да, сол елге жеткізуді азаматтық борыш еттік!

Шот жеке менің өз атымда, əр түскен тиын Моңғолиядағы қазақтарға жол тартады!

Ағайын, қолдап бөлісіп жіберіңіздер! Бұл менің ғана емес, осындағы көп жігіттердің бірігіп көтеріп жатқан шаруасы, бір жағынан шығысалық!

Келесі дүйсенбі жолға шығамыз, соған дейін жабылып, қол ұшын берейік!» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Моңғолияның қиыр батысында орналасқан, негізінен қазақтар мекендейтін Баян Өлгей қаласында күні кеше қатты сел жүріп, 80 үй қираған. Бір ересек адам және бірнеше бала қаза тапқан. Одан бөлек, мал шығыны бар. Бұл тек алдын ала мәліметтер екенін ескерте кеткен жөн, сондықтан жапа шеккендер саны өсуі бек мүмкін. 

 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар