Қазақстандық азық-түлік Америка нарығына шығарылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық кәсіпкерлер американдық әріптестерімен ынтымақтастық жайын талқылады.
None
None

«Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының бастамасымен, қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанмен тауар-экономикалық ынтымақтастық жасауға келген «Roberts Group» компаниясының басшысы Майкл Робертстің кеңейтілген отырысы болды.

Кеңейтілген отырысқа даму институтының өкілдері, ішкі сауда палатасының өкілдері және «Баян Сұлу» қостанайлық кондитер фабрикасы, «Цесна-Астық Корпорациясы», «Arba wine», «Беккер және К», «Рахат» АҚ және басқа да ірі отандық азық-түлік өндірушілер қатысты.

«Бүгін бізге Америка нарығының «ойын ережелерімен» танысуға, АҚШ-қа экспорттау үшін отандық өнімдеріміздің қандай талапқа сай болу керектігін білуге  бірегей мүмкіндік туып отыр. Майкл Робертc АҚШ Қазақстан Республикасына американдық технологиялар мен инвестицияларды тарту , қазақстандық өнімдерді импорттауға баса назар аудара отырып, Қазақстанмен ұзақ мерзімдегі сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды қолдайды», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП ШОБ даму департаментінің директоры Қайыржан Ибраев. 

Сонымен бірге, қазақстандық азық-түлікті Америка нарығына шығару, атап айтқанда, «Walmart» сауда желісіне «Қазақстанда жасалған» өнімдерді енгізу мәселелері де талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша, қос тарап алдағы уақытта келіссөздер жүргізу үшін байланыс нөмірлерімен алмасып, сауда желісіне ену шарттары, өнімге қойылатын талаптар жайлы келіссөздер жүргізуді мақұлдады. Және «Roberts Group» компаниясы мен «Атамекен» ҚР ҰКП арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасауға шешім қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар