Қазақстандық БАҚ танымал «бес бойдақты» атады
1. Асхат Мырзабаев. Жақында 25 жастағы қазақ жігіті Ұлыбританиядағы Barclays ірі банк тобында жарты жыл қызмет етіп тапқан 2 млн АҚШ доллары көлеміндегі табысын қатерлі ісікке қарсы халықаралық орталыққа аударып, жұртты таң қалдырды.
«Тапқан табысымды қайырымдылық шарасына аударуыма басты себеп - науқастарға қолұшын беру. Сондай-ақ, әлемдік проблема рак, онкология дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге көмектесу. Өзімнің нағашы апам сол жаман аурудан қайтыс болған. Бір жағынан осы жағдайда қайырымдылық жасауға түрткі болды», - дейді Асхат Мырзабаев.
21 жасында Асхат Twitter компаниясының шақыруымен Сан-Францискоға кеткен. Ол бір сұхбатында байлыққа қызықпайтынын айтқан болатын:
«Менің Твиттерге арналған көп жобаларым Қазақстанда жасалды. Дегенмен, мені елде ештеңе ұстап тұрған жоқ. Менің көлігім де, жеке үйім де жоқ. Үй сатып алмауымның себебі - 30 жасқа дейін мобильді болғым келеді. Мен елдерге бірін «көкелер» шешпейтінін түсіндіргім келеді», - дейді жас жігіт.
2. Жас әрі өнерлі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.музыкалық мектепте фортепиано сыныбында оқыған және хорда ән айтқан. Сонымен қатар, ол Корей елінің Мин Гын Хо атты генералының ұрпағы.
Денис көптеген қайырымдылық акцияларына қатысады. Ол 2011 жылы Японияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған «Skating Friends Support Japan» жобасының белсенді мүшесі болған. 2013 жылы спортшы Астанадағы SOS балалар мекені мен Алматыдағы мектеп-интернаттарға жиі барып, көмектесіп тұрған.
3. Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының жеңімпазы атанған Димаш - өте еңбекқор. Конкурсқа да керемет әндер таңдаған. Жас өнерпаз осыған дейін де бірнеше халықаралық байқауларда бақ сынаған. 2012 жылы «Шығыс базары» конкурсында бірінші орын алған. Артынша бір жылдан соң «Мейкин Азия» халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды.
4. Әнші Али Оқапов та әлі күнге бойдақтар қатарында. Анасы Роза Рымбаева бір сұхбатында апа болуға дайын екенін жеткізген болатын. Алайда баласы асығар емес. Әншінің жүрегі кімге бұйырар екен? Бәрі уақыттың еншісінде.
5. Актер Ә нуар Нұрпеисов те армандаған сүйіктісін таппаған көрінеді.