11:44, 10 Маусым 2018 | GMT +5
Қазақстандық балуандар «Моңғолия Open» турнирінде қос алтынды еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында еркін және әйелдер күресінен «Моңғолия Open» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні Әсет Серікбаев жаттықтыратын еркін күрес балуандары қоржынымызға 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Күрес федерациясына сілтеме жасап.

86 килограмм салмақта күрескен Әділет Дауламбаев пен 97 килограмдағы Бақдаулет Әлментай Моңғолия жерінде қарсылас шақ келтірмей, өз салмақтарының үздігі атанды. 65 келіде күрескен Саятбек Оқасовтың еншісінде күміс медаль. 74 келідегі Данияр Қайсанов қола жүлденің иесі.
Айта кетейік, Моңғолия астанасында өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңімпаз атанған балуандар 1000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, күміс жүлдегерге 800 АҚШ долары берілді. Қола жүлдеге ие болған балуан 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.