Қазақстандық банктер Базель ІІІ стандартына көшуге 80 пайызға дейін дайын - Григорий Марченко

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық банктер Базель ІІІ стандартына 2013 жылы 1 қаңтардан бастап көшеді.
None
None

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы банктік реттеу реформасы: ауыспалы ортада тұрақтылықты сақтау» деп аталатын Американ сауда палатасының экономикалық саясаты форумында айтылды

«Американдық және еуропалық банктер Базель ІІІ-ке 2018 жылы қарашада көшуді жоспарлап отыр. Бізде бұл мәселе бойынша үлкен пікірталас болды. Төрт рет кездесіп, 2013 жылдың 1 қаңтарына енгізуге келістік. Банктер оған дайын болмаса қысқа мерзімге келіспес еді. Олар қазір 80-90 пайызға дайын», - деді ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Грингорий Марченко. Оның пайымдауынша, банк жүйесінде қандай да бір үлкен өзгеріс болмайды. Өйткені қазақстандық банктер қазірдің өзінде онымен жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар