Қазақстандық банктердің кредиттік портфелінің сапасы жақсара беретін болады - Ә. Сәйденов

ыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - БТА банктің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденовтің пікірінше, қазақстандық коммерциялық банктердің кредиттік портфелінің сапасы бұдан былай жақсара беретін болады. Ол бұл пікірін бүгін BNews порталында өткен Onlin конференция барысында білдірді.
None
None

«Коммерциялық банктердің кредиттік портфелінің сапасы жайлы айтсақ, менің ойымша банктер өз қызметінде биыл да, 2011 жылда да осыған назар аударатын болады. Менің ойымша, коммерциялық банктердің кредиттік портфелінің сапасы жақсара беретін болады», деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, БТА банк дағдарыс кезінде ауыр жағдайға тап болған кезде оның кредиттік портфелінің сапасы жайлы пессимистік болжамдар көп болды. «Біз қазір қор жинадық. Енді өрлеуге, кредиттік портфеліміздің сапасын жақсартуға мүмкіндігіміз бар», деді Ә. Сәйденов.

Оның сөзіне қарағанда БТА банк кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға борышкерлермен жұмыс істей отырып және қарызын қайта құрылымдай отырып қол жеткізген. Осы орайда Ә. Сәйденов банктік жүйе дағдарыстан өтіп, одан толығымен шықты деп айтуға әлі ертерек екенін жеткізді. «Банк саласындағы жағдай көбінесе экономиканың нақты секторының қалыпқа келуімен байланысты. Бұл салада дағдарыстың құбылыстарын толығымен еңсере алған жоқ», деді ол.

Соңғы жаңалықтар