ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Леонид Беда

Беда Леонид Игнатьевич 1920 жылы тамыздың 16-ында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Новопокровка ауылында өмірге келіп, 1976 жылы желтоқсанның 26-сы күні Беларусь Республикасының Минск қаласында дүниеден озған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, авиация генерал-лейтенанты (1972), ұшқыш-шабуылдаушы. КСРО-ға еңбек сіңірген әскери ұшқыш. Ұлты - орыс.
None
None

Орал педагогика институтын (1940) бітірген. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Чкалов әскери авиациялық ұшқыштар мектебін бітірген соң 1942 жылдың тамыз айында майданға жіберілді. Ол Сталинград, Донбасс, Таганрог, Кенигсберг қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. 75-гвардиялық авиациялық шабуылдаушы полктің (4-Украина майданы, 8-әуе армиясы, 1-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) эскадрилья командирі. 1944 жылдың сәуіріне дейін 109 рет әскери тапсырмамен жау әскері шоғырланған жерлер мен бекіністерін шабуылдады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1944). Сол полктің (З-Беларусь майданы, 1-әуе армиясы, 1-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) командирінің орынбасары бола жүріп, 105 әскери тапсырманы орындады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бедаға екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.6.1945). Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Бедаға Қостанай қаласында қоладан бюст орнатылған. Минск қаласында бір даңғылға, Гродо облысы Лида қаласындағы көшеге, Харьковтағы мектепке Беда есімі берілген.

Ол 1976 жылы жол апатынан қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар