Қазақстандық бітімгершілер ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады

Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері қатысады, деп хабарланды ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен.
Қазақстан Қарулы Күштерінен оқу-жаттығуға жедел басқарма офицерлері, десантты-шабуылдаушы батальон, инженерлік-саперлік және медициналық взводтардың әскери қызметшілері қатысады. Жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 2800 адамнан асады.
ҰҚШҰ-ға мүше алты мемлекеттің әскери қызметшілері 7-12 қазан аралығында бітімгершілік операцияларын жүргізудің әртүрлі кезеңдерін пысықтайды. Бітімгершілер жаттығу барысында қақтығысқан тараптарға арағайындық жасау, гуманитарлық жүктерге қолдау көрсету және бітімгершілік лектеріне жасалған шабуылдарға тойтарыс беру мәселелерін тәжірибе түрінде пысықтайтын болады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамына жергілікті жерлерді минадан тазартуға арналған бірлескен іс-қимылдарға қатысу, өмірлік маңызы бар нысандарды күзету мен қорғау, кепілге алынғандарды босату, жаппай тәртіпсіздікке қарсы тұру және адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге тура келеді.
Алғашқы «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығулары былтыр Қазақстанда өткенін еске саламыз.