Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатын 6 медальмен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар арасында шаршы алаңға соңғы болып шыққан Валентина Хальзова (69 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ол финалда Қытай боксшысы Гу Хонгпен жұдырықтасып,өкінішке қарай қарсыласына жол берді.

Бұған дейін 64 келі салмақтағы Мадина Нұршаева ақтық сында қытайлық Ду Данды айқын басымдықпен ұтып, «алтын» иеленгенін хабарлаған болатынбыз. 

Осылайша, әйелдер арасында өткен Азия біріншілігін Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және ауыр салмақта (+81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар салған болатын.

Соңғы жаңалықтар