Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін жеңіліп көрмеген қарсыласпен жекпе-жек өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Елхан Табынбаев (5-0, 3 КО) келесі жекпе-жегінің күнін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін жеңіліп көрмеген қарсыласпен жекпе-жек өткізеді

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Елхан Табынбаевтың келесі жекпе-жегі 11 желтоқсан күні Алматыда өтеді. Қарсылас бразилиялық Матеус Да Силва (7-0, 3 КО) болады. Боксшылар жартылай ауыр салмақтағы WBC International Silver титулына таласады.

Қазақстандық үшін бұл жекпе-жек 2022 жылғы үшінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы 15 маусымда Мәскеуде өткен жекпе-жекте Елхан беларусь Сергей Крапшиланы (4-33-2, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Матеус Да Сильваға келетін болсақ, бұл оның туған елінен тыс жерде өткізетін алғашқы жекпе-жегі. Ол 30 сәуірде өткен алдыңғы жекпе-жегінде отандасы Диего Сантос Дантасты (5-2, 5 КО) дисквалификация арқылы жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы Бразилия чемпионы атанды.


Фото: prosports.kz