Қазақстандық боксшылар әлем біріншілігінде 7 алтын 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әскери қызметшілер арасында өткен 55-ші әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар 7 алтын 1 күміс және 2 қола медальды жеңіп алды.
None
None

Олжас Байниязов (49 кг) ресейлік Бэлик Галановты, Олжас Сәттібаев (52 кг) мароккалық Абделали Дарааны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қайрат Ералиев (56 кг) алжирлік Фахем Хамаччиді, Бекман Сойлыбаев (60 кг) қытайлық Хя Лингджиді , Бабыржан Момынов (75 кг) бразилиялық Педро Делиманы, Асқар Абдоллаев (91 кг) итальялық Фабио Турчиді, ал Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) Рафаэль Лиманы айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Ал 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Арман Рысбек күміс жүлдеге ие болды. Ол ақтық сында Нидерландық Петер Мюллербергке есе жіберіп алды.

Тағы екі қазақстандық боксшы Елдос Сарқұлов (64 кг) пен Сағадат Рахманқұлов (69 кг) қола медальдарға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткізілген бұл әлем біріншілігі ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналды.

Соңғы жаңалықтар