Қазақстандық боксшылар Самарадағы халықаралық турнирде бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада Ресейдің Самара қаласында екі дүркін Олимпиада чемпионы Олег Саитовтың жүлдесіне бокстан халықаралық турнир басталады, деп хабарлады Самара техникалық университетінің сайтында.
None
None

Өңірлік спорт министрлігінің қолдауымен «Политех-СамМТУ» боксшылар клубының бастамасы бойынша өткізілетін турнирге Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Ирландия өкілдері қатысады. Шаршы алаңда барлығы 60-қа жуық бокшсы бақ сынайды. Турнирдің құрметті қонақтары - бокс бойынша Олимпиада чемпионы Гайдарбек Гайдарбеков, Олимпиадалық ойындар жүлдегері Райымкул Малахбеков, әлемнің, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Евгений Макаренко. 23 шілдеде ашылатын турнир Самара мемлекеттік техникалық университетінің спорт кешенінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар