Қазақстандық боксшылардың жойқын соққыларының видеосы желіде тарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының Youtube-каналында оның басты жұлдыздары - қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың (6-0, 4 КО) жойқын соққыларының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшылардың жойқын соққыларының видеосы желіде тарады

Ербосынұлы өзінің соңғы кездесуін 23 желтоқсан күні Ресей астанасы Мәскеуде өткізген болатын. Айдос бельгиялық боксшы Илиас Ачергуиді (12-4-1, 6 КО) мерзімінен бұрын тізе бүктірген еді. Қарсылас жақтың өкілдері төртінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жаңабаев та дәл осы күні шаршы алаңға көтерілген. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен филиппиндік былғары қолғап шебері Арнел Тинампайдан (25-23-1, 11 КО) басым түскен еді. Осылайша Нұрсұлтан бұған дейін бос болған бірінші орта салмақтағы WBC Asia чемпионы атағын иеленген болатын.