Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жетіп отырған деңгей парапар заңнамалық базаны талап етеді ? пікір

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Мәдениет және ақпарат министрлігі жақында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаға түзетулермен жұмысты аяқтады. Парламент Мәжілісінің депутаттары заң жобасын мақұлдады, енді ол Сенат қабырғасында қаралуда. Құжат туралы өз пікірімен заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қанат Сахариянов
None
None
оқырмандармен бөліседі. - Қанат Ақылбайұлы, сіз «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесісіз. Заң жобасымен жұмыс барысы қалай жүрді, сол туралы айтып өтсеңіз? - Өздеріңіз білесіздер, бұл қазақстандық медиа-рыноктың құқықтық аясын жетілдірудің алғашқы талпынысы емес. Бірақ та, бұл соңғы жылдары, сөз бостандығы институтының қалыптасуы жолында оң мазмұнға ие болып отырған бірінші өзгертулер. Заңнама қоғамдық қатынастармен қатар дамуы керек. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жетіп отырған деңгей парапар заңнамалық базаны талап етеді. Жобаны әзірлеушілер ұсынып отырған түзетулердің көпшілігі журналистік ұйымдар 2004 жылдан бері ұсынып келе жатқан тақырыптармен үндесіп отыр. Заң жобасымен айналысушы жұмыс тобына бірқатар журналистік және құқық қорғаушы ұйымдар, сараптамалық қоғамдастықтар шақырылды. Біз қол жеткізіп отырған нәтижені - заңнаманы қатайту үрдісінен ырықтандыру жағына ауысудың өзгерісті кезеңі деп атауға болады. - БАҚ саласындағы заңнамадағы негізгі өзгертулер туралы әңгімелеп берсеңіз. - БАҚ туралы заңнамаға түзетулер әзірлеу кезінде журналистердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін сақтау мәселесіне үлкен назар аударылды. Талқылау барысында баспасөздің жұмысын жеңілдететін нормалар талдап жасалды. Заң жобасы қабылданған жағдайда, репортерлар сұхбат алу кезінде аудио- немесе бейнежазба жасауға міндетті рұқсат алу міндеттемесінен босатылады. Заң жобасының тағы бір нормасы журналистерді заң жүзінде қорғалуын күшейтеді. Қазір, егер репортерден жария етілген материалын жоққа шығару сот арқылы талап етілсе, журналист көпе-көрнеу кінәлі саналады. Яғни, журналист ғана өзінің ақтығын дәлелдеуі керек. Журналист өз ақпаратының шындық екенін дәлелдеп беруі керек. Бұл әрқашан мүмкін бола бермейді, оның үстіне басқа тұлғалардың айтқанына сілтеме жасалып жатса. Ал ұсынылып отырған түзету шағымданушы мен жауап берушінің позицияларын теңестіреді. Оған сәйкес, енді шағымданушы да репортер жариялаған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін дәлелдеуі керек. Оған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарын құру кезінде орын алатын артық бюрократиялық кедергілер алып тасталады. - Көптеген қоғамдық бірлестіктер, аталған түзетулердің қолданыстағы заңнаманы ырықтандыру үшін жеткіліксіз деп санайды. Сіз қалай ойлайсыз, шынымен заң жобасына бұдан да көбірек түзетулер қосу қажет пе? - Иә, бұл заң жобасына қанағаттанбай отырғандар да бар. Бірақ, ол айтыс-тартыстар түзетулердің мазмұнына емес, енгізілген түзетулердің ауқымына байланысты Журналистік бірлестіктер демократиялық қағидаларға адымды қадамдар жасауға болатын шақта, бір ғана қадам жасалып отырғанына риза емес дер едім. Жобаға журналистік ұйымдар ұсынған бірқатар маңызды өзгертулер енбей қалды. Атап айтқанда, әзірге БАҚ-тағы диффамация үшін қылмыстық жазаны алып тастау мәселесі көрініс тапқан жоқ, шағымдану мерзімі шектелген жоқ, моральдық шығынды өтеудің нақты сомасы анықталған жоқ, т.б. болса бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын кішігірім заң бұзушылықтар үшін, формальды белгілер бойынша тоқтату әлі де мүмкін. БАҚ өнімдерін тәркілеу бойынша да жағдай сондай. Дегенмен, жаңа заң жобасында біздің әріптестеріміздің жұмыстарын бүгіннің өзінде жеңілдететін нормалар бар.Бұл құжат шенеуніктердің, депутаттардың, құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдерінің бірлескен жұмысының жемісі. Барлығымыз Қазақстанның азаматы болғандықтан, біздің мүдделеріміз де сай келіп отыр. Бұл заң жобасының соңғы болып қалмайтынына мен сенімдімін. Қазақстандық заңнаманы ырықтандыру үрдісі әрі қарай жалғаса бермек. Бұл болмай қоймайтын үдеріс.
Соңғы жаңалықтар