Қазақстандық делегация Беларус ұлттық техникалық университетін 90 жылдығымен құттықтады

МИНСК. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минскіде бейсенбі күні Беларус Ұлттық техникалық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған университет кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
None
None

Мәжіліске Беларус Республикасы Ұлттық жиналысының, Минск қалалық депутаттар кеңесінің, кәсіподақтар мен жастар ұйымдарының, салалық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, елдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ он тоғыз шет мемлекеттен келген құрметті қонақтар қатысты.

«Беларус ұлттық техникалық университетінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі -әлемдік саяси, экномикалық және технологиялық даму үрдісінің заманауи сұраныстарына жауап бере алатын кадрлар дайындау болып табылады», - деп атап көрсетті университет ректоры В.Хрусталев өз сөзінде.

Салтанатты шараға қатысқан Қазақстан делегациясының құрамына Қазақ ұлттық университеті, Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және Тараз мемлекеттік университеті сияқты жетекші оқу орындарының проректорлары мен профессорлары кірді.

Соңғы жаңалықтар