Қазақстандық делегация Берлинде Бүкіләлемдік ІТВ-2013 туризм индустриясы көрмесіне қатысты

БЕРЛИН. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 6-10 наурыз күндері Берлинде демалыс пен саяхат саласының үрдістерін және даму жолдарын анықтайтын, әлемдегі ең ірі халықаралық форумдардың бірі болып табылатын кезекті 47-ші ІТВ-2013 Бүкіләлемдік туризм биржасы өтті.
None
None

Жыл сайынғы өткізілетін «Messe Berlin» көрме кешенінде биржа жұмысында туристік бизнестің түрлі өкілдері қатысты, соның ішінде жауапты мемлекеттіік органдар, туристік агенттіктер және операторлар, әуе компаниялары, қонақ үйлер және тағы басқалары. Осы жылы барлығы биржада әлемнің 180-нен астам елінен әкелінген 11 мыңға жуық түрлі стендтер ұсынылды.

Көрмеде дәстүрлі түрде казақ стендтері ұйымдастырылды, ал биржа жұмысына ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, «Астана EXPO-2017» корпорациясының, Қазақстанның индустрияны дамыту институтының және «Эйр Астана» әуе компаниясының басшылары мен өкілдері құрамына кіретін ҚР делегациясы қатысты.

Көрме аясында қазақстандық делегация мүшелері БАҚ және шетелдік туристік компаниялардың көрнекті өкілдерімен көптеген кездесулер жүргізді, Жібек жолы бойынша министрліктер саммитінің жұмысына қатысты, демалыс және саяхат индустриясы саласында ынтымақтастық әлеуетін және мүмкіндіктерін талқыға салды, сонымен қатар бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізді.

Шаралар барысында «KazNex Invest» Ұлттық агенттігі туризм саласында алдыңғы қатарлы инвестициялық жобалардың тұсаукесерін жүргізді.

Осы шаралардың және уағдаластықтардың барлығы біздің ел экономикасының серпінді дамуына лайықты үлес қосары сөзсіз.

Қазақстандық стенд қонақтары туризм саласындағы еліміздің қазіргі заманғы туристік әлеуетімен және мүмкіндіктерімен таныстырылды. Осы шара неміс сарапшыларына және келушілерге Қазақстанның ежелгі өнері әлеміне енуге, қоғамдық-мәдени ынтымақтастықтың дамуына салмақты шабыт беретін халқымыздың ұлттық дәстүрлеріне және қазақстандық мәдениетке деген үлкен қызығушылықты оятуға мүмкіндік берді.

Осы жылдың 6 наурызда ҚР-ның ГФР-дағы Елшілігі мен қазақстандық-германиялық қоғам шетелдік БАҚ өкілдері мен көрме қонақтары үшін арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Туристік саланы дамыту үдерістері және 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтетін EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесі оның негізгі тақырыптарына айналды.

Туристік индустрияны дамыту және насихаттау тақырыбымен өткен көрме аясында болған шығармашылық байқау нәтижесі бойынша EXPO-2017-ге арналған қазақстандық бейнеролик бірінші орынға ие болды және арнайы жүлдемен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар