20:54, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдер жөніндегі «Дін және сенім бостандығы» атты қосымша отырысына қатысады
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Венада шілденің 10-11-і күндері «Дін және сенім бостандығы» тақырыбына арналған ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдер жөніндегі 2-інші қосымша отырысы өтеді, оған қазақстандық мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібі « Міндеттен орындауға: ЕҚЫҰ аймағындағы дін және сенім бостандығы»; «Діни қоғамдастық пен дінге сенушілердің жағдайы»; «Ғибадат ету орыны» тақырыптарына арналған үш сессияны қамтиды.