Қазақстандық делегация EXPO-2017 көрмесін өткізу үшін Астананың кандидатурасын жылжыту мақсатында Бангкокқа сапар жасады

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 2-4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев бастаған қазақстандық делегация Астана қаласының ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығы үшін өтінімін алға жылжыту мақсатында жұмыс сапарымен Бангкок қаласына келді.
None
None

Сапар кезінде БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдері үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзермен кездесу өткізілді, оған қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Таиландтағы істеріне уақытша сенімді тұлға Әлімжан Тоқтасынов пен делегацияның жетекшісі Айдар Қазыбаев қатысты.

Кездесу барысында Н.Хейзер Қазақстанның «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бастамасына қолдауын білдірді. Оның Қазақстанның «Жасыл көпір» бастамасын да белсенді қолдап жүргенін атап өту керек.

Бұдан басқа, қазақстандық делегация БҰҰ-ның ЭСКАТО тұрақты өкілдерінің консультативтік комитетінің 343-ші сессиясына қатысты.

Отырыс кезінде ЭСКАТО-ның атқарушы хатшысы Қазақстанның ЕХРО-2017 көрмесін өткізу үшін ұсынып отырған тақырыбы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Барлығы үшін тұрақты энергетика» бастамасымен тығыз байланысты екенін атап өтті. 2012 жылдың  қыркүйегінде БҰҰ тұрақты энергетикалық дамуды өз қызметінің басты бағыттарының бірі етіп жариялады.

Қазақстандық делегация сессияның қатысушыларын Астана қаласының ЕХРО-2017 көрмесін өткізу өтінімімен және РИО+20 конференциясында қабылданған шешімдермен тығыз байланысты болып табылатын «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбымен таныстырып өтті.

Соңғы жаңалықтар