Қазақстандық делегация Венада екіжақты кеңестерге қатысады

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақпанның 10-ында Вена қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов бастаған делегация Қазақстан мен Австрия сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты кеңестерге қатысады.
None
None
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресми өкілдің айтуынша, аталған басқосуларда Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен ЕҚЫҰ және ЕО аясындағы өзара іс-әрекеттердің мәселелері талқыланатын болады.
Соңғы жаңалықтар