Қазақстандық делегация Женевада Парламентаралық Ассамблея одағы сессиясының жұмысына қатысуда

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов бастаған және құрамына Сенат депутаты Жұмабек Төрегелдинов пен Мәжіліс депутаты Майра Айсина кірген делегация Женевада 7 қазанда басталған Парламентаралық Одақтың 129-шы Ассамблеясының жұмысына қатысуда.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шараның алғашқы күні Қазақстан делегациясы ПО Күн тәртібіне сәйкес кезектен тыс мәселелерді қарастыру жөніндегі басқосуға қатысып, еліміздің заң шығару органының өзекті халықаралық сұрақтар бойынша ұстанымын жеткізді. Ассамблея аясында өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірқатар елдерінен құралатын Парламентаралық Одақтың Еуразия тобының басқосуы барысында ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары ТМД Парламентаралық ассамблеясы шеңберіндегі ынтымақтастық, халықаралық және құрылымдық мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Швейцария Конфедерациясы Кантондар кеңесінің Президенті Филиппо Ломбардимен екіжақты кездесу өткізді. Шара кезінде тараптар Қазақстан және Швейцария арасындағы саяси және экономикалық, мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты қазіргі ахуалы мен қатынастардың келешегі туралы пікір алмасты. ҚР делегация басшысы Швейцарияның баламалы энергетика саласындағы мол тәжірибесін ескере отырып, әңгімелесушіні Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 шарасына қатысуға шақырды.

Швейцария Кантондар кеңесінің Президенті энергетика саласының өзектілігін атап өтті. Қазақстанның аймақтағы беделін ескере отырып, еліміздің мол әлеуетке ие екендігін айтты. Осы тұрғыдан ЭКСПО-2017 көрмесіне жеке қатысуға мүдделі екендігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар