Қазақстандық десантшылар мықтылар атағы үшін күресте бақ сынайды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 тамызда Қапшағай қаласында десанттық биатлон басталады. 32363 әскери бөлімі бірнеше күн бойы ауқымды жарыс өтетін орынға айналмақ.
None
None

Атап айтқанда, үздік атақ үшін күресте ҚР Қарулы Күштерінің бетке ұстар парашютті-десанттық (десантты-шабуылдау) бөлімшелері сынға түседі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Десанттық биатлонға 32363, 18404, 61993, 12740, 29108 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысады. Жарыстың бағдарламасына сәйкес десант парашюттерін төсеу, бағдарлау және әскери топография (күндізгі уақытта көздеу аралығы бойынша жүріс), әскери-медициналық даярлық бойынша бірнеше тексерілген нормативтерін тапсыру қажет. Сонымен бірге өздерінің кәсіби білімдері мен жауынгерлік ептілігін көрсетпек. Жауынгерлер берілген аумаққа десант түсіреді. Ұйымдасқан жиыннан және берілген тапсырманы алғаннан соң шартты радиациялық, химиялық зақымдалған аймақтарды игере отырып жаяу шеру, жауынгерлік атысты орындап, түнгі рейд, сондай-ақ қиылысқан жерлер мен таулы аймақтар бойынша шеру жасайтын болады. Үндістан Қарулы Күштерінен келетін Халықаралық дәрежедегі тәуелсіз бақылаушылар жарыс барысын барысын қадағалап отырады.

Соңғы жаңалықтар