Қазақстандық дизайнерлер Mercedes-Benz Fashion Week Russia-ға коллекцияларын ұсынды (ФОТО)

Қонақтар назарына Ресей, Грузия, Украина және т.б. елдерден, сондай-ақ қазақстандық Alex Chzhen», «Chaude by Khafiz-Khan», «Tamara Lamanukaeva» және «Samidel» брендтерінің жетекшілері - 50-ден астам дизайнерлер коллекцияларын ұсынды.
Прет-а-порте сән апталығының Орталық Азиядағы ең ірі өкілі - Kazakhstan Fashion Week дизайнерлері мен ұйымдастырушылары көрсетілімге алғаш рет қатысты.
Шарада қазақстандық дизайнерлерге жоғары баға берілді. «Қазақстандық дизайнердің желісіне таңғалдым. Коллекцияға ерекше талғаммен қараған», - деген ойымен бөлісті көрсетілім қонағы Наталья Кирилова.
«Қазақстандық дизайнерлердің жетістікке жететініне сенімдімін. Олардың коллекцияларының ерекшелігінен, тартымдылығынан-ақ мұны байқауға болады», - деп атап өтті қонақтардың бірі Жанна Маркова.