11:48, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында Азия чемпионы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасы Бішкекте дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА sports.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпионатқа Азияның 15 мемлекетінен 155 жас спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінен спортшыларымыз жақсы нәтижелер көрсетіп, 7 медальға ие болды. Олардың біреуі - «алтын», біреуі - «күміс» және үш қола жүлде.
Қазақстандық Шерзод Давлятов (50 кг) өз салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан мықты болды.
Азия чемпионатының бірінші күнінің нәтижесі:
«Алтын» - Шерзод Давлятов (50 кг)
«Күміс» - Меруерт Сәрсенова (52 кг)
«Қола» - Ерлан Оңалов (50 кг)
«Қола» - Ермек Амангелді (55 кг)
«Қола» - Ислам Тоқтасын (66 кг)
«Қола» - Сара Құлым (40 кг)
«Қола» - Ақжол Қайыпхан (48 кг)
Айта кетейік, 13-14 шілде аралығында кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, 15-16 шілде күндері жас дзюдошылар күш сынасатын болады.