01:21, 15 Шілде 2023 | GMT +5
Қазақстандық екі балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күнінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер сынға түсті. Олардың арасынан қазақстандық екі балуан финалға жолдама алды.

Сондай-ақ Ералы Әскербек (48 келі) пен Нұрислам Шалқаров (85 келі) қола жүлде алды.
Енді 15 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасында грек-рим күресінен шығып, 55, 63, 77, 87 және 130 келіде жүлделер сарапқа салынады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды.
Сондай-ақ құрлықтық додада грек-рим күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 8 медаль алды.