Қазақстандық екі боксшының жекпе-жегі техникалық нокаутпен аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан бокс кешінде төртінші болып шаршы алаңға қазақстандық екі боксшы - Айдын Елжанов пен Абылайхан Есентаев шықты. Кездесуде астаналық былғары қолғап шебері, 24 жастағы Айдын Елжанов өз шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Айта кетсек, бүгін Абылайхан кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал «Гатти» лақап атты Айдын «Астана арланс» сапында өнер көрсетіп үлгерген сақа спортшы. Айдын тәжірибесіне сүйеніп, бірден шабуылға көшті. Тіпті қорғаныста да қимылы шапшаң ол, біршама мығым әдісті таңдап алған екен. Алғашқы раундтың соңында қос боксшы ашыла бастағанымен, Айдынның басымдылығы айқын көрінген еді.

Абылайхан екінші раундта да қарсыласына айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Тіпті бір мәрте ногдаун алып қалғаны, оның жағдайын ауырлата түсті. Бұдан кейінгі айқасты жалғастырудың мәні қалмаған болатын. Екінші раундтың ортасына қарай Айдын қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Еске сала кетсек, осы уақытта ЭКСПО көрмесінің аумағында бокс кеші өтіп жатыр. Басты кездесу қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова мен болгариялық Милена Колеваның арасында өтеді. Бұған дейін ММА сайысынан - бір, бокстан екі кездесу аяқталды. Соңғы кездесуде қазақстандық Әмірхан Төлеуов ресейлік боксшыдан басым түсті.

Фото: Sports.kz. 

Соңғы жаңалықтар