Қазақстандық екі теннисші Испаниядағы екі жарыстың ширек финалына өтті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық екі теннисші Испаниядағы Мальорка челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әлемнің 232-ракеткасы Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингте 275-орында тұрған швейцариялық Леандро Ридльмен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:7 (3:7), 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін рейтингте 654-орындағы испаниялық Абедалла Шелбаимен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 214-ракеткасы бразилиялық Матеус Пучинелли де Алмейданы ұтты - 6:2, 6:4.

М.Кукушкиннің ширек финалдағы қарсыласы - болгариялық Александр Лазаров.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Юлия Путинцеваның Будапешт турнирінің жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.

АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилина екінші айналымға шықты.



Соңғы жаңалықтар