Қазақстандық фермерлер Голландияның озық тәжірибесімен танысатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы сауда палатасының қолдауымен бірқатар қазақстандық компания өкілдері ауыл шаруашылығы өндірісін басқару және технологиялармен танысу мақсатында Голландияға сапар жасауды жоспарлауда. Негізінен сүт өндіру фермерлеріне қатысты «Influenсial Visitors' Programme» бағдарламасы аясында қазақстандықтар озық тәжірибелермен танысатын болады. Бұл туралы сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бағдарламада ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, күнделікті практикада жетілдірілген технологияларды және зерттеу нәтижелерін енгізу мәселелері талқыланып, бірегей ауыл шаруашылығын қолдау саясаты аясында жүзеге асырылатын Еуропа Одағының бағдарламалары таныстырылады.

Сапар аясында кәсіпкерлер голландиялық фермаларды аралап, белгілі бір бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын шығарушы кәсіпорын басшыларымен кездеседі. Ғылыми тәжірибелерді коммерцияландыру шараларымен танысатын болады. Бұдан бөлек, қазақстандық фермерлердің тікелей іскерлік қатынастар орнатуы үшін ірі ауыл шаруашылығы көрмесіне де қатысатыны жоспарлануда.

«Бұл - еліміздің кәсіпкерлері үшін баға жетпес тәжірибе. Өйткені әлемде Голландия елі ауыл шаруашылығы саласында көшбасшы саналады. Бұл елде халық саны 16,8 млн. адам болса, жер аумағы 4,1 млн. гектар, соған қарамастан 55 млрд. еуроның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Ал өндірістік тиімділікте оларға ешкім де бәсеке бола алмайды. Мәселен, Нидерландының 1 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден алынған өнім құны ЕО елдерін орташа алғанда 4,9 есеге жоғары болып отыр», - дейді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мейірбек Мәжитов.

Соңғы жаңалықтар