Қазақстандық фермерліктің азық-түлік нарығындағы өңірлік және жаһандық бәсекелестікке сәтті қатысуға мүкіндігі зор - Елбасы

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстандық фермерліктің азық-түлік нарығындағы өңірлік және жаһандық бәсекелестікке сәтті қатысуға мүкіндігі зор.
None
None

Бұл туралы бүгін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстан менің тікелей тапсырмамды орындай отырып, қазірдің өзінде өзінің азық-түлік қажеттілігін 80 пайызға қамтамасыз етеді. Мемлекет 30 пайыздан астам азық-түлікті сырттан импорттайтын болса, бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, қаперлеріңізде болсын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының пайымынша, еліміздегі аграрлық өндірістің қарқынды өсіміне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылымға шығаратын жаңа нарықтар табу мәселесі туындамақ.

Бұл орайда республикада мал шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жоба қолға алынғандығын ескертіп өткен Н.Назарбаев: «Біз сыртқы нарыққа жыл сайын экспортталатын 60 мың тонна ет жайында айтып отырмыз. Қазақстандық фермерліктің азық-түлік нарығындағы өңірлік және жаһандық бәсекелестікке сәтті қатысуға мүкіндігі зор», - деді.

Соңғы жаңалықтар