Қазақстандық футбол клубы Италияның А Сериясында ойнайтын командамен кездеседі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсары» Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында Италияның «Сампдория» командасымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, бүгін қызылордалық клубқа ресейлік маман Виктор Кумыков бас бапкерлікке тағайындалды.
«Қазақстан Премьер-лига командалары арасында алғашқы болып «Қайсар» алдағы маусымға дайындығын бастайды. Қызылордалық футболшылар осы мақсатта Түркияға барады. Оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше командамен жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Солардың бірі 23 желтоқсанда Италияның «Сампдория» командасына қарсы өтеді», - деді В.Кумыков журналистерге берген сұхбатында.
Биыл аталған клуб өз елінің біріншілігінде небәрі алты ұпай жинап, турнир кестесінде 19-орында келеді.
Командаға серб маманы Деян Станкович бас бапкерлік етеді.