Қазақстандық ғалымдар астықтың сапасын анықтайтын компонент ойлап тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ғалымдар бидай дәнінің өнуін тексеруге арналған жоғары дәлдіктегі компоненттерге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының дәнді дақылдар биохимиясы зертханасында бір топ ғалым биология ғылымдарының кандидаты Айдар Хәкімжановтың жетекшілігімен биохимиялық әдістердің көмегімен бидай дәніндегі ең қызғылықты ферменттердің бірі - альфа-амилазаны зерттеу бойынша эксперименттер жүргізді. Аталған фермент мөлшерін стандартты сараптамалық әдістермен өлшеу өте қиын, бірақ бұл астықтың өну жағдайының маңызды көрсеткіші саналады», - деді Ғылым комитетінің баспасөз қызметі.

Ғалымдар альфа-амилаза ферментінің бір түрін мұқият зерттеп, одан жоғары дәрежелі антиденелер алған. Олардың негізінде альфа-амилаза мөлшерін дәл анықтайтын жоғары сезімтал иммунотестер жасалды. Дәндегі фермент мөлшерінің көрсеткіші денсаулыққа зиянды, тамақтануға жарамсыз шала піскен өнімдерді болдырмау үшін нанды пісіргенге дейінгі ұнның сапасын бағалауға, сондай-ақ бидайдың жаңа сорттарын шығару кезіндегі сұрыптамалық процесті жүргізу үшін қажетті астықтың сапасын анықтауға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар