Қазақстандық ғалымдар грант қаржысын қаңтардан бастап ала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырушы қазақстандық ғалымдар қаржыландыруды ел тарихында алғаш рет ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
None
None

Бұл үшін Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұзақмерзімді келісімшарты бойынша, аванстық төлем - келісімшарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде.

«Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде аванс төлеу бойынша қосымша келісімшарт жасалды. Айта кету керек, бұрын аванс көлемі 30 пайыз болатын, ал қазақстандық ғалымдар қаржыны тек наурыз-мамыр айларында алатын да, жобаны іске асыруға 5-7 ай уақыт жұмсайтын» делінген хабарламада.

Соның арқасында ғалымдар қаңтарда қаржыны ала салысымен жобаларын Аталған іс-шара жылдың басынан бастап шарт талаптарына сәйкес ғалымдарға сапалы және толық көлемде міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қазірдің өзінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жобалар мен бағдарламалардың орындаушыларына еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді. Ғалымдар жобаларын 10 айда іске асырады.

Соңғы жаңалықтар