Қазақстандық ғалымдардың 400-ден астам жобасы гранттық қаржыландыруға ие болмақ

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымдардың 400-ден астам жобасы 3 млрд. теңге көлеміндегі гранттық қаржыландырумен қамтылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Нұрлан Ыбырайым айтты.

Қазақстандық ғалымдардың 400-ден астам жобасы гранттық қаржыландыруға ие болмақ

«Бүгін біз гранттық қаржыландыруға жобалардың соңғы байқауы бойынша қорытындыны жарияладық. 2 744 жобаның ішінен ұлттық ғылыми кеңестер 435-ін, яғни 16 пайызын іріктеп алды. Қаржыландырудың жалпы көлемі 3 млрд. теңге»,-деді комитет басшысы.

Осы жобалардың арасында өмір сапасын, зияткерлік әлеуетті, энергетиканы жақсарту, сондай-ақ шикізат пен өнімді өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми зерттемелер бар.