Қазақстандық ғалымдардың COVID-19-ға қарсы вакцинасы оң нәтиже көрсетті - министр
«Өздеріңіз білетіндей, қысқа мерзімнің ішінде ғалымдарымыз COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны дайындады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді. Біздің инактивтелген вакцинамыз қазіргі уақытта клиникаға дейінгі кезеңнен өтіп, өте жақсы нәтижені көрсетті. Суббірліктік вакцинамызға клиника алдындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұнан бөлек, үш платформа бойынша вакцина дайындау үстіндеміз», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.
Оның атап өтуінше, клиникаға дейінгі сынақ нәтижесі аталған вакциналардың қауіпсіз екендігін көрсеткен.
«Алдын ала нәтижелері өте жақсы. Аталған институттың базасында био-фармацевтикалық зауыт салынып жатыр. Ол GMP стандарты бойынша иммундық-бологиялық препарттар шығаратын болады», - деді Асхат Аймағамбетов.