Қазақстандық гимнаст әлем кубогінде күміс медаль алды

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Милад Карими Бакуде спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Әлем кубогі кезеңінің финалында ол еркін жаттығуда 14.300 ұпай жинады.

Айта кетерлігі, Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдені қанағат тұтты.


Соңғы жаңалықтар