19:03, 17 Сәуір 2022 | GMT +5
Қазақстандық гимнастар әлем кубогінде екі медаль алды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасында көркем гимнастикадан әлем кубогі мәреге жақындады. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан командасы топтық жаттығуда тағы жүлдеге ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, командамыз доптар/лента жаттығуында күміс медаль және шеңбермен жаттығуда «қола» жеңіп алды.
Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.
Еске салайық, кеше аталған спортшы қыздар топтық жаттығуда қола медаль еншілеген болатын.