Қазақстандық интернационалист-жауынгерлер КСРО-ның жауынгерлік наградаларымен марапатталды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Кеше «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ғимаратында 1979-1989 жылдары болған ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлерді КСРО-ның жауынгерлік наградаларымен марапаттауға арналған салтанатты шара өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» партиясының Ауғанстан соғысы мен басқа да соғыс әрекеттеріне қатысқан ардагерлер одағымен бірлесіп және Ресей Елшілігінің қолдауымен өткізген бұл шарасы «Ұлы жеңіс - Ұрпаққа аманат» акциясы аясында өтті. Партия хатшысы Сергей Громовтың атап көрсетуінше, 1979-1989 жылдары ауған жерінде болған соғысқа 22,5 мың қазақстандық жауынгер қатысқан, олардың 954-і - елге оралмаған, 21 жауынгер ? із-түзсіз жоғалғандар санатында. «Түрлі жағдайларға байланысты кезінде біраз жауынгерге наградалар табыс етілмей қалған. Міне бүгін біздер осынау олқылықтың орнын толтыру үшін бас қосып отырмыз», - деп атап көрсетті партия хатшысы. Атап айтқанда қызылордалық Нұрсұлтан Ибадуллаев пен қарағандылық Валерий Ивановқа «Ерлігі үшін» медальдары табыс етілсе, павлодарлық Виктор Камзин, Сергей Ковальчуктер, оңтүстікқазақстандық Қуаныш Пазылов, алматылық Владимир Понамарев және талдықорғандық Жүсіпхан Тлеубердиндер «Жауынгерлік ерліктері үшін» медальдарымен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар