Қазақстандық инженерлер Францияда ғарыш технологиялары бойынша өндірістік тәжірибеден өтті

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Тулузе қаласында (Франция) Intespace кәсіпорнында компанияның өндіріс учаскелерінде тәжірибе өтіп жүрген қазақстандық инженерлерге мерзімінің аяқталуына байланысты сертификаттарды табыстау рәсімі өтеді.
None
None

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰҚ» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин Intespace атқарушы директоры Франк Айрольдқа сәлемдеме жолдады.

Ғарыш технологиялары бойынша ірі Еуропа компаниясының жетекшісіне қарата айтқан сөзінде ол «Ғалам» ЖШС қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорын мамандарының тәжірибеден өтуін тиімді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Олар жарты жылдан бері Еуропаның Тулузедағы Intespace белгілі сынақ орталығында өндірістік тәжірибеден өтті.

Соңғы жаңалықтар