Қазақстандық қамту деңгейі 1 пайызға да жетпейтін мұнай-газ компаниялары бар - Мұнай және газ министрлігі

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Елімізде қазақстандық қамту деңгейі 5 пайыздан аспайтын 19 мұнай-газ компаниясы бар.
None
None

Бұл туралы Астанада басталған «Мұнай және газ: Қазақстандық қамту - 2013» форумы барысында ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов мәлім етті.

Атап айтқанда, Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқан «Орал Ойл энд Газ», «Meerbusch», «СНПС Ақтөбемұнайгаз», «Теңізшевройл», «Тасболат Ойл Корпорэйшн», «ЖайықМұнай» және «North Caspian Operating Company B.V.»-ның қазақстандық қамту деңгейі 5 пайыздан төмен болса, «Каменистое-Мұнай», «ҚоЖан», «Равнинное ойл», «NORTH CASPIAN PETROLEUM LIMITED», «Astana Oil Company», «Мұнайлы Қазақстан», «ВМВ Мұнай», «Қазақойл Ақтөбе», «СП FIAL», «Барлау активтері ҚМГ БӨ», «SK PETROLEUM», «Total EandP Nurmunai» филиалы сияқты компаниялардың тауарларды сатып алу саласындағы қазақстандық қамту деңгейі 1 пайызға да жетпей отыр.

Соңғы жаңалықтар