Қазақстандық қамту мен өндірісті өркендету еліміз тәуелсіздігінің негізгі мәселесі болып табылады - Үкімет басшысы
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстандық қамту мәселесіне арналған республикалық кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз іске асыратын кез келген қадам осы талапқа сай болуы керек», деп атап өтті Премьер-Министр.
Осы тұрғыда Үкімет басшысы елімізде кәсіпкерлік пен өндіріс қажетті құрамдас бөлік болып табылатынын қадап айтты. Бүгінде үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламаға Елбасы қол қойғанына тоқталған К. Мәсімов, осы тұрғыда қазақстандық қамту оның қажетті құрамдас бөлігі болып табылатынын және осы бағытта жұмыс істеу керектігін атап өтті.
«Ұлттық холдингтер мен ірі компаниялар осы аталған ауқымды іс-шараға кірісіп кетті», деді Премьер-Министр. Сондай-ақ сөз соңында Үкімет басшысы ішкі сұранысты қалыптастырмай отандық өндірісті дамыту қиынға түсетінін ескертіп өтті.