Қазақстандық қаржылық ұйымдардың бірі Кореяның қор биржасында 2 млрд. АҚШ долларына акциялар сатып алды

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан компаниялары оңтүстіккореялық құнды қағаздарға қызығушылық танытты.

Өткен жылы қазақстандық қаржылық ұйымдардың бірі Кореяның қор биржасында 2 млрд. АҚШ долларына акциялар сатып алды. Бұл туралы бүгін  Астанадағы «ІРО және Кореядағы қаржылық нарық» атты халықаралық форумда Оңтүстік Кореялық «Seven Rivers Capital» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Юн Ёнгхо мәлім етті.

 «Біз Қазақстан мен Кореяның қаржылық нарықтарында кездесулерді ұйымдастыру үшін қор құрдық. Біз қазақстандық құнды қағаздар нарығына инвестиция тартқан алғашқы азиялық мемлекет болдық. Көбі осындай инвестициялық қорды құру қиын екенін айтқан еді, алайда біз бұл бастаманы жүзеге асырдық. Өткен жылы қазақстандық қаржылық ұйымның біріне 2 млрд. АҚШ долларына кореялық құнды қағаздарды саттық»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар