Қазақстандық кәсіпкерлер Францияда өтетін бизнес-форумға қатысады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстандық кәсіпкерлер ақпан айының 7-сі мен 11-і күндері Парижде өтетін бизнес-форумға қатысады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумда негізінен ауылшаруашылық саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, азық-түлік өнімін қайта өңдеу және қаптау, мақта өндіру, текстиль мен энергетика саласы, минералды шикізат сияқты тақырыптар талқыланады.

Францияда өтетін бұл бизнес-форум Париж бен Ыстамбұл қалаларының сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен өтпек. Осы шара барысында қазақстандық кәсіпкерлерге франциялық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу үшін дербес келісімдер жүргізуге мүмкіндіктер тумақ.

Қазақстандық делегаттарды Алматы қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы жасақтап апарады.

Соңғы жаңалықтар