Қазақстандық кәсіпкерлер өнімдерін Үндістан нарығына өткізе алады - Үндістан үкіметінің өкілі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Үндістан экономикасын алдағы 20 жылда жылына 8-9 пайыздық өсіммен өсіруді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастық келешегі» атты халықаралық конференцияда Үндістан үкіметінің Жоспарлау жөніндегі комиссиясының мүшесі Кирит Парикх айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.К.Парикхтің айтуынша, қазір Үндістанда демографиялық трансформация орын алуда. Біраз уақыттан бері елде халық пен жұмысшылар саны артуда. Бұнымен қатар 200 миллион адам кедейлікте өмір сүреді. «Бұлардың қалыпты өмір сүруі үшін біз білім мен денсаулық, энергетика саласын жетілдірудеміз» деді ол. Үндістан үкіметі мүшесінің айтуынша, Үнді елінің энергетикалық сұранысы алдағы уақытта 4-5 есеге артады. «Бүгінде Үндістанда бірқатар салаларда энергоресурстардың тапшылығы байқалып отыр. Бұнымен қатар мұнайға сұраныс та артуда. Мәселен, қазіргі таңда жылына пайдаланылатын 120 милион тонна мұнай көлемі 360-350 миллион тоннаға дейін артады деп болжанған. Осы бағыттағы сұранысты орындау үшін біз Қазақстанмен әріптестік орнатуға бейілдіміз. Қазақстан мен Үндістандық кәсіпкерлер осы бағыттарда бірлесе жұмыс істеп, өнімді сұранысы мол Үндістан нарығына өткізе алады. Сондықтан бізді алда үлкен әріптестік күтіп тұр», дейді Үндістан үкіметінің өкілі.
Соңғы жаңалықтар