Қазақстандық кәсіпкерлер Туркияда өткен халықаралық бизнес-форумға қатысты

Аталмыш шара «ТУСКОН» Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп иелері конфедерациясы және «КАЗКА» қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен.
Форумға Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс сияқты 150 елден 2 мыңнан аса шетелдік компания қатысқан.
Құрамына шағын және орта кәсіптің 80 өкілі кірген қазақстандық делегация логистика, заңдық қызмет көрсету, медициналық құрал-жабдық, орман шаруашылығы, құрылыс саласы, жеңіл металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнайхимия, телекоммуникация, сауда, зергерлік әшекейлер мен бағалы тастар, текстиль, киім, жиһаз және тағы басқа сала мүддесін ұсынған.
Форум аясында қазақстандық кәсіпкерлер Ыстамбұлдың индустриялық аумағын, фабрика мен зауыттарын аралап, Түркия және басқа елдің іскерлер өкілдерімен 1500-ден аса кездесу өткізді.