Қазақстандық компаниялар Өзбекстандағы V халықаралық өнеркәсіп форумында өз өнімдерін таныстырды

ТАШКЕНТ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялар Өзбекстанда өтіп жатқан V «Uzbekistan Industrial Forum-2013» халықаралық өнеркәсіп форумына қатысуда.
None
None

Көрмеге төрт қазақстандық компания - «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қарағандырезинотехника» ЖШС, «Вертекс-Бастама» ЖШС және «Минова-Қазақстан» БК ЖШС қатысуда.

«Қарағандырезтехника» ЖШС коммерциялық директорының орынбасары Самат Рустанбаев агенттік тілшісіне берген сұхбатында: «Біз Өзбекстан аумағында «Навоиазот», «Өзбеккөмір» сынды компаниялармен жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта Навои тау-кен металлургиялық комбинатымен, Алмалық тау-кен комбинатымен қарым-қатынас орнатылуда. «Қызылқұмцемент» ААҚ-мен келісімшарт жасауды жоспарлаудамыз, сондай-ақ «Ахангаранцемент» ААҚ және «МаксамЧирчик» компаниясымен байланыс жолға қойылды. Біз Өзбекстанға барлық өндірілетін өнімнің шамамен 10-15 пайызын жеткіземіз», - деді.

Ал «Вертекс-Бастамалар» ЖШС коммерциялық директоры Шыңғыс Көкиевтің сөзіне қарағанда, серіктестік Өзбекстан нарығына өз өнімдерімен кірмек. Қазақстандық компания жарылғыш заттарды және электрдің көмегінсіз жарылыс жасайтын жүйелерді шығарады.

«Өзбек кәсіпорындарына бізбен әріптестік орнату тиімді, біздің өнім Ресейге қарағанда тезірек жетеді әрі анағұрлым арзан», - деді ол.

IEG Uzbekistan көрме компаниясымен ұйымдастырылған өнеркәсіптік форум 30 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар