17:09, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстандық құрылысшылар Санкт-Петерборда металл құрастырмалары өндірісін ұйымдастырмақ
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - «Базис-А» қазақстандық тобына кіретін «Бин Вест» компаниясы Санкт-Петерборда металл құрастырмалары өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Петербор қаласы құрылыс комитетінің мәліметтеріне қарағанда, компания жер телімін сұрап өтінім берген, өндірістің жоспарланған көлемі айына 200 тоннаны құрайды. Өндіріс құрылысына 120 млн. рубль инвестиция қажет.Жаңа зауыттың өнімдері Петербургте пайдаланылатын болады, бүгінде мұнда «Базис-А» компаниясы Петроград ауданында тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде.